"Банк ЦентрКредит" АҚ өзінің KZ2CKY10B455 (KZ2C00000487, CCBNb6) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

30.12.14 15:35
/KASE, 30.12.14/ - "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) 2014 жылдың 29 желтоқсанында өзінің KZ2CKY10B455 (KZ2C00000487, CCBNb6) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 1350050000 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 1300000000 теңгені, купондық сыйақысы – 50050000 теңгені құрады. [2014-12-30]