"ҚазАгроҚаржы" АҚ Павлодар облысында мал бордақылау алаңы құрылысы туралы хабарлады

29.12.14 18:05
/KASE, 30.12.2014/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде (KASE) тұрған "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы "ҚазАгроҚаржы" АҚ қолдағы бар 3000 бас малға арналған мал бордақылау алаңының негізінде бірден 10 000 бас ІҚМ ұстауға болатын бордақылау алаңын қаржыландырады. Жобаның қуаты – 4,5 млрд. теңгеден асады, оның ішіндегі "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаражаты 3 млрд. 626 млн. теңге. Қаражат жылдық 6%-бен 9,5 жылға ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген. Мал бордақылау алаңдары – республикадағы ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту тізбегінің бір буыны. Малды бордақылау кезіндегі басты фактор - жеткілікті жемшөп базасының болуы. Мал бордақылауда бірнеше ай тұрып, 400-450 килограммға дейін салмақ қосады. "ҚазАгроҚаржы" АҚ 2014 жылы жалпы қуаты 1 670 басқа арналған мал бордақылау алаңдарының 5 жобасын іске қоспақ. Естеріңізге сала кетейік, құрамына "ҚазАгроҚаржы" АҚ енетін "ҚазАгроҚаржы" ұлттық холдингі "Сыбаға" бағдарламасы бойынша репродукторлар, мал бордақылау алаңдарын тұрғызу және мал тұқымдарын өзгерту жобаларын қаржыландыру арқылы ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысады. Аталған бағдарлама шеңберінде 2011 жылдан бері Қазақстанға 50 мыңға жуық жоғары өнімді мал әкелінді, соның ішінде "ҚазАгроҚаржы" Холдингінің қаражаты есебінен – 37 мың бас, осы уақыт аралығында 117 мың бордақылау орындары құрылды, соның ішінде ҚазАгро есебінен - 18,7 мың бордақылау орындары. "Сыбаға" бағдарламасы шеңберінде Холдингпен фермерлер үшін 205,3 мың бас ІҚМ сатып алынуы қаржыландырылды. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Холдинг мал шаруашылығын несиелендірудің жаңа өнімдері енгізілді – сүт-тауарлы фермаларды дамыту, қой шаруашылығын, жылқы шаруашылығын дамыту және жайлауларды суландыру инфрақұрылымының құрылысы. цитата соңы Ақпараттық хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында мекен-жайында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KAFI/kafi_reliz_291214_kz.pdf; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KAFI/kafi_reliz_291214.pdf танысуға болады. [2014-12-30]