"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ KZP01Y10E814 (KZ2C00002988, KZAGb2) облигациялары 29 желтоқсаннан бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

29.12.14 18:24
/KASE, 29.12.14/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 28 желтоқсандағы шешімімен "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдинг"АҚ (Астана) облигации KZP01Y10E814 (KZ2C00002988; 1 000 тенге, 30,0 млрд тенге; 29.12.14 – 29.12.24, фиксированный полугодовой купон 8,0 % годовых, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2014 жылдың 29 желтоқсанынан бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдинг"АҚ қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға KZAGb2 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар айтылмыш KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kzag мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-12-29]