"Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) (KZ2C00000487, CCBNb6) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

29.12.14 11:52
/KASE, 29.12.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 26 желтоқсанынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2CKY10B455 (KZ2C00000487, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNb6; 1 000 теңге, 1,3 млрд теңге; 29.12.04 – 29.12.14; жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 7,70 %, 30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2004 жылдың 29 желтоқсанынан бастап енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына ауыстырлды. Олардың сауда-саттығы 2004 жылдың 29 желтоқсанынан бастап ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 4,29 ден және 18,00 % аралығында құбылды. 2013 жылы аталмыш облигациялар биржадағы беймемлекеттік бағалы қағаздардың саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 119-шы жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,04%) және корпоративтік облигациялардың осыған ұқсас рейтингінде 86-шы жайғасымға иеленді (0,06 %). [2014-12-29]