"Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1 ГРЭС-і" АҚ KZ2P0Y05Е781 (KZ2C00002970, EKGSb2) облигациялары Қазақстан қор биржасында "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

25.12.14 17:43
/KASE, 25.12.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 07 қарашасында "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1 ГРЭС-і" АҚ (Екібастұз) KZ2P0Y05Е781 (KZ2C00002970; 10 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 5 жыл, тиянақталған жартыжылдық купон, жылдық 9,0 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1 ГРЭС-і" АҚ қаржы кеңесшісі және андеррайтері "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған EKGSb2 белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE инитернет-сайтында жарияланады. [2014-12-25]