KASE күндізгі сессиясы: USDKZT_TOD – 182,35/182,40, USDKZT_0_002 = +0,35, RUBKZT_TOD = 3,3673

24.12.14 15:52
/KASE, 24.12.14/ – Қазақстан қор биржасында (KASE): - есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD), - есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша (EURKZT_TOD), - есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_TOD), - есептесуі T+0 теңгемен Ресей рублі бойынша (RUBKZT_TOD), - валюталық своп операциялары бойынша (USDKZT_0_002) күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша сессия болып табылады. Бүгін биржада USDKZT_0_001 және EURKZT_0_001 ж2не EURKZT_0_002 валюталық своп операцияларымен сауда-саттық АҚШ-та 25 желтоқсанда (Christmas Day) мереке күні болғандықтан, Ұлыбритания мен Германияда 25 және 26 желтоқсанда мереке күні болғандықтан өткізілген жоқ. АҚШ долларының спот-нарығына KASE валюталық нарығының 24 мүшесі, своп-нарыққа – 19 қатысты. АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле бір АҚШ долларына 182,36 теңге бағамы бойынша жасалды, сауда-саттық көлемі сұраным болмаған жағдайда 188 700 мың АҚШ долларын құрады. Сессия жабылу сәтіне үздік баға белгілеулер бір АҚШ долларына 182,35/182,40 теңгені құрады. Еуро спот-нарығында: - есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша орташа мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ. - есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+0 теңгемен Ресей рублінің орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 3,3673 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 280 000 мың рубльді құрады. Валюталық своп операциялары нарығында: - USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған бағам +0,35 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 2 742 000 теңге. [2014-12-24]