"Қазақстан Даму Банкі" АҚ өзінің XS0570541317, US25159XAA19 (BRKZe6) облигациялары бойынша сегізінші купонын төлегені туралы хабарлады

22.12.14 16:40
/KASE, 22.12.14/ - "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) 2014 жылдың 19 желтоқсанында өзінің XS0570541317, US25159XAA19 KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты", BRKZe6) облигациялары бойынша сегізінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының сомасы 7 617 527,50 АҚШ долларын құрады. [2014-12-23]