2015 жылдың 20 қаңтарында "Атамекен-Агро" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

19.12.14 10:37
/KASE, 19.12.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау, одан әрі – компания), биржаға (KASE) 2015 жылдың 20 қаңтарында сағат 11:00-де компанияның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталады. Компанияның күн тәртібіндегі мәселе: - 2013 жылға компанияның қаржылық жылдық есебін бекіту туралы; - компанияның 2013 жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, компанияның 2013 жылға жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның 2013 жылға бір жай акциясына дивиденд көлемін бекіту туралы; - компанияның 2014 жылға аудит жүргізуші аудиторлық компаниясын анықтау туралы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Ақмола обл., Көкшетау қаласы, жаңа ет комбинаты ауданы, 30. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:00 -ден басталады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2014 жылдың 19 желтоқсанындағы жағдай бойынша жасалған. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2015 жылдың 21 қаңтарында жоғарыда аталған мекен-жайда өтеді. Акционерлер күн тәртібі мәселесі бойынша компанияның атқарушы органында орналасқан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен атқарушы орган орналасқан мекен-жайда немесе 8 777 533 43 47 телефоны арқылы таныса алады. [2014-12-29]