29 желтоқсанда биржада "Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZP01Y10E822 облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда

19.12.14 17:18
/KASE, 19.12.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде 2014 жылдың 29 желтоқсанында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZP01Y10E822 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 10 жыл; 30/360) облигациялары бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі (Алматы). ---------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZP01Y10E822 ISIN: – Шығарылымның реттік саны: – Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 20 000,0 – орналасқан: – Айналыста болудың алғашқы күні: алғашқы аукционды өткізу күні Айналыста болу мерзімі: 10 жыл (3 600 күн) Купондық мөлшерлеме: өткізілген аукцион қорытындысы бойынша Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеу күні: Айналым басталған күннен бастап әрбір алты ай сайын Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- ------------------------ Сауда-саттық күні: 29.12.14 Орналастырудың жарияланған көлемі, дана: 20 000,0 Сауда-саттық заты: купондық мөлшерлеме Сатуға өтінім түрлері: шектеулі Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, 0 %: Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–13:00 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:00 Кесім уақыты: 15:00 Төлеу уақыты: 26.12.14 Төлем уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша Сауда-саттық жүргізуші бастамашысы: "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы – Сауда-саттық жүйесі тобы – ---------------------------------------------------------------------- Арнайы мамандандырылған сауда-саттық аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілгеннен кейін болады. Өтінімде қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны дана түрінде көрсетілуі тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміле, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, көлемі облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-12-19]