"Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ "Эксперт РА Қазақстан" Рейтингілік агенттігі" ЖШС нұсқасы бойынша "Қаржылық сектордағы ең үздік жылдық есеп" номинациясында Лауреат Дипломына ие болғаны туралы хабарлады

18.12.14 14:42
/KASE, 18.12.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 15 желтоқсанында төмендегі хабарламаны ұсынды: цитата басы "Жылдық есеп: көсбасшылар тәжірибесі және жаңа стандарттар" атты ІІ Практикалық конференцияны жүргізу шеңберінде "Эксперт РА Қазақстан" (RAEX) рейтингтік агенттігі IV Жылдық есептер конкурсының жеңімпаздарын атады. "Қазақстан Халық Банкі» " АҚ (бұдан әрі – "Халық банкі") "Қаржылық сектордағы ең үздік жылдық есеп" номинациясында Лауреат Дипломына ие болды. Аталған диплом Халық банкінің Халықаралық қарым-қатынастар департаментінің директоры Скрыль Викторға берілді. Бизнестің халықаралық бағытына жетекшілік ететін Халық банкі Басқармасы Төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев: "Лондон және Қазақстан қор биржаларының талаптары бойынша құрылған біздің бас қаржылық құжаттың негізіне «Халық» Тобының негізгі жетістіктері қамтылған деген фактіні есепке ала отырып, бұл марапатты алу біз үшін екі есе қуанышты. Бұл тұрғыда, жылдық есеп деген – Халық банкі Тобының үлкен командасына кіретін барлық компаниялардың орасан зор еңбегі нәтижелерінің нағыз квинтэссенциясы болып табылады, - деді, - Осындай конкурстар жылдық есептерді құру және жариялаудағы заманға сай трендерді қадағалуға, бизнестің сол бағытында заманға сай жүруге мүмкіндік береді". цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_151214_1kz.pdf; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_151214_.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2014-12-18]