/KASE, 12.12.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Алматы, одан әрі - Банк)
облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген тіркелген
өзгертулердің және бұрынғысының орнына берілген, бағалы қағаздардың
мемлекеттік тіркеуден өтуі туралы 2014 жылдың 10 желтоқсанындағы
куәлігінің көшірмелерін биржаға ұсынды.
Аталмыш құжаттарға сәйкес:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҰБ) банктің аталмыш
акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді;
- аталмыш куәлік компанияның жарияланған аталмыш акцияларының
саны ұлғаюына байланысты ауыстырылды;
- банктің жарияланған жалпы акциялары саны - 150 003 000 000 дананы
құрайды, оның ішінде KZ1C40310019 жай акциялары 150 000 000 000
дананы, жай акцияға айырбасталған, артықшылықты акциялары
KZ1P40310115 3 000 000 құрайды;
- банктің акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың
мемлекеттік тізіліміне А4031 нөмірімен енгізілді;
- 2014 жылдың 21 мамырындағы жағдай бойынша 13 637 563 жай және
2 637 563 артықшылықты акциялары орналастырылған, оның жарғылық
капиталы 273 090 572 000 теңге көлемінде қалыптасқан.
Компанияның акциялар шығарылымына енгізілген өзгертулер KASE
интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbnf9_izm_101214.pdf
мекен-жайы бойынша жарияланған.
[2014-12-12]