"БАСТ" АҚ KZ1C59680013 (KZ1C00001015, BAST) жай акциялары үшінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

12.12.14 13:41
/KASE, 12.12.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 11 желтоқсанындағы шешімімен KZ1C59680013 (ISIN – KZ1C00001015) "БАСТ" АҚ (Алматы) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы,аталған акцияларды шығару бастамшысы аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2014 жылдың 30 қаңтарындағы бағалы қағаздардың шығарлымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "БАСТ" АҚ жарияланған акцияларының шығарылымы KZ1C59680013 500 000 жай акцияларға бөлінген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А5968 номерімен енгізілген. "КоЖаН" АҚ қаржылық кеңесшісі - "Банк ЦентрКредит" Еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға қысқартылған (сауда кодтары) BAST берілді. BAST АҚ негізгі қызметі – мыс рудаларын өндіру және өңдеу, қайта өңдеу болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2014-12-12]