19 желтоқсаннан бастап KASE қайталама нарығы секторында "KEGOC" АҚ KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KEGC) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

11.12.14 17:57
/KASE, 12.12.14/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) шешімімен KASE қайталама нарығы секторында "KEGOC" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (Астана, тақырыптамада - "KEGOC" АҚ) KZ1C34930012 (KZ1C00000959; KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздары" санаты, KEGC) облигацияларымен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "BCC Invest" еншілес ұйымы - "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне бірінші санаты бойынша 2014 жылдың 03 қарашасынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kegc мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-12-12]