"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры 4 миллиард теңгеге кредиттік келісімге қол қойғаны туралы хабарлады

11.12.14 17:37
/KASE, 11.12.14/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), биржаға (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Сбербанк және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры 4 миллиард теңгеге кредиттік келісімге қол қойды, ол өндіру өнеркәсібі мен қызмет көрсету салаларында шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға жіберіледі. Бұл қаражат ел экономикасын дамытуға және инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға арналған 1 триллион теңгеден Ұлттық Қордан екінші транш аясында бөлінді. Екінші транштың жалпы сомасы 50 млрд. теңгені құрайды, ол "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ арқылы орналастырылды. цитата соңы Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_111214_kz.pdf; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_111214.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2014-12-11]