"Сбербанк России" Еншілес Банкі" АҚ өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын 4 миллиард теңгеге қаржыландырғаны туралы хабарлады

10.12.14 16:42
/KASE, 10.12.14/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес Банкі" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақстан Даму банкі (КДБ) 4 миллиард теңгеге қор бөлді. Заемдар ірі кәсіпкерлік субъектілерін өңдеу өнеркәсібі саласында қаржыландыруға арналған КДБ Банк аралық кредиттеу бағдарламасы аясында беріледі. Бұл қаражат Ұлттық қордан елдің экономикасын дамытуға және инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру үшін арналған 1 триллион теңгеден екінші транш аясында бөлінген. Жалпы сома 100 миллиард теңгені құрайды, оның 50 млрд. теңгесі «Қазақстан Даму банкі» АҚ арқылы орналастырылды. «Сбербанк банк аралық кредиттеу бағдарламаларына үнемі қатысып отырады және біз Қазақстан Даму банкіне тағы да білдірілген сеніміне алғыс айтамыз. Осы жылы банк өзінің 4,7 млрд. теңгесін сала отырып, машина жасау, металлургия, химия, нефтехимия, тамақ өнеркәсібі сынды салаларда 5 ірі жобаны қаржыландырып, ҚДБ бөлген 11 миллиард теңгені мерзімінен бұрын игерді. Бұл мемлекеттік және коммерциялық банктердің жаңа жобаларды іске асырудағы кооперациясының жақсы үлгісі. Бірлесе отырып күш салсақ біз еліміздің экономикалық көрсеткіштерінің өсуіне ойдағыдай ықпал ететінімізге сенімдіміз. Жаңа транш аясындағы қаржыландыруды инвестициялық жобаларды іске асыру үшін экономиканың нақты секторының кәсіпорындары алады», - деп атап өтті Қазақстандағы Сбербанктің Басқарма Төрағасы Александр Камалов. цитата соңы [2014-12-10]