"Казкоммерцбанк" АҚ бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге операциялар мен қызметті жүзеге асыруға қайта ресімделген жаңа лицензиясын алғанын хабарлайды
10.12.14 14:27
/KASE, 10.12.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), биржаға (KASE),
2014 жылдың 08 желтоқсанында төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды:
цитата басы
"Казкоммерцбанк" АҚ (Банк) бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге
операциялар мен қызметті жүзеге асыруға қайта ресімделген бірыңғай
лицензиясын алғанын хабарлайды.
Қайта ресімделген лицензия Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16
мамырдағы № 203-V "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкпен берілген.
- «шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру» банктік
операциясы "қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыруды қоса" сөздерімен толықтырылды.
2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 48 Бағалы қағаздар нарығында банктік
және өзге операциялар мен қызметті жүзеге асыру лицензиясы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкіне қайтарылды.
Қайта ресімделген лицензияда оның нөмірі, берілген күні мен лицензиары
өзгертілген, тиісінше, қайта ресімделген банктік лицензияның деректемелері
келесі түрде беріледі: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкпен
берілген 02.12.2014 жылғы № 1.2.16/222/32 Бағалы қағаздар нарығында
банктік және өзге операциялар мен қызметті жүзеге асыру лицензиясы".
Қайта ресімделген лицензия Банкпен өз клиенттеріне көрсетілетін банктік
қызмет тізбесіне ешбір әсерін тигізбейді.
цитата соңы
[2014-12-10]