"Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ "HSBC Банк Казахстан" Еншілес банкі АҚ сатып алу жөніндегі мәмілелердің аяқталғаны және "Altyn Bank" ("Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ Еншілес Банкі) жұмысын бастағаны туралы хабарлады

04.12.14 16:04
/KASE, 04.12.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Қазақстанда HSBC Bank plc (бұдан әрі – "HSBC") және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Халық банкі) арасындағы HSBC Қазақстандағы еншілес ұйымы "HSBC Банк Қазақстан" АҚ ЕБ акцияларының 100%-н сатып алу жөніндегі мәміле аяқталды. 2014 жылғы желтоқсан айының басынан Қазақстанның қаржы нарығында жаңа заңды тұлға - "Altyn Bank" АҚ ("Қазақстан Халық Банкі" АҚ Еншілес банкі), (бұдан әрі – Банк), өз жұмысын бастады. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова: «Өтіп бара жатқан 2014 жылдың маңызды кезеңдерінің бірі - еліміздің банк секторындағы шоғырлану үдерісінің басталуы, - деп атап өтті, - Жылдың басында біз HSBC-мен оның Қазақстандағы еншілес банкін сатып алу туралы келісім жасадық. Көп еңбекті талап еткен, тиянақты әрі ұзақ уақыт бойы жасалған жұмыс пен дайындықты жүргізу нәтижесінде, реттеушінің мақұлдауын алғаннан кейін, мәміле сәттілікпен аяқталды. Бүгінгі күні Халық Тобы аса ірі халықаралық қаржы конгломератының бизнес тәжірибесі бар тағы да бір құнды активке ие болды". ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_031214_1kz.pdf - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_031214_1.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2014-12-04]