"Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына шоғырландырылған қаржылық нәтижелері туралы хабарлады

02.12.14 16:49
/KASE, 02.12.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған 2014 жылдың 02 желтоқсанындағы баспасөз хабарламасында былай деп мәлімдеді: ... "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – "Банк") (Лондон Қор Биржасындағы тикері: HSBK) 2014 жылдың 30 қыркүйектегі аяқталған тоғыз айға шоғырландырылған қаржылық есеп берушіліктерін жариялайды. 2014 жылдың тоғыз айындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер: - Таза пайда 63.8%-ға 92.0 млрд. теңгеге дейін өсті; - Құнсыздану бойынша сақтық қорға аударымдарға дейінгі таза пайыздық кіріс 26.7%-ға өсті; - Құнсыздану бойынша сақтық қорға аударымдар 96.9%-ға төмендеді; - Таза пайыздық кіріс 52.2%-ға артты; - Қызметтер және транзакциялық банкингтің комиссиясынан түскен кірістер 11.2%-ға өсті; - Орташа меншікті капиталған қайтарым (RоAE) жылдық 32.1%-ға дейін өсті (2013 жылдың 6 айында жылдық 20.4%); - Орташа активтерге қайтарым (RоAA) жылдық 5.6%-ға дейін өсті (2013 жылдың 9 айында жылдық 4.8%); - Активтер 2013 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда 13.5%-ға артты; - Клиенттерге несие беру, нетто 2.3%-ға өсті; - Клиенттердің қаржылары 11.3%-ға өсті; - Меншікті капитал 17.9%-ға артты; - NPL 90+ коэффициенті 14,1%-ға дейін төмендеді (2013жылдың 31 желтоқсанында 18.0%). - Тәуекел құны жылдық 0.0% құрады (2013 ж. 9 айына жылдық 1.1%.) Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_021214.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-12-02]