"Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бергені үшін ескерту алғаны туралы хабарлады

27.11.14 17:35
/KASE, 27.11.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ... "Қазақстан Халық Банкі" АҚ 2014 жылдың 20-шы қарашасында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 168 бабының 1-ші тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы валюталық заңдарға сәйкес талап етілген, құжат ұсынбай, валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Банкке валюталық бақылау агенті ретінде клиенттің банкке толық құжат пакеттерін ұсынбаған жағдайда, валюталық операциялар жүргізгені үшін ескерту берілді. ... [2014-11-27]