"Банк ЦентрКредит" АҚ KZP01Y05D212 (KZ2C00000578, CCBNb21) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

27.11.14 12:08
/KASE, 27.11.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2014 жылдың 27 қарашасынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZP01Y05D212 (KZ2C00000578, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNb21; 100 тенге, 8,0 млрд тенге; 27.11.09 – 27.11.14, жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %, 30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2009 жылдың 30 желтоқсанынан бастап "А" санаты бойынша енгізілді, 2010 жылдың 10 маусымынан бастап KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2010 жылдың 31 мамырдан бастап ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 7,00 ден және 8,00 % аралығында құбылды. 2013 жылы аталмыш облигациялар биржадағы беймемлекеттік бағалы қағаздардың саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 87-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,15%) және корпоративтік облигациялардың осыған ұқсас рейтингінде 60-шы жайғасымға иеленді (0,24 %). [2014-11-27]