2014 жылдың 27 қарашасынан бастап Қазақстан қор биржасында ББҚ-мен автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралымен сауда-саттық ашылады

26.11.14 16:57
/KASE, 26.11.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімі негізінде 2014 жылдың 27 қарашысынан бастап биржада ББҚ-мен автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралымен сауда-саттық ашылады, мерзімі 1, 3, 7, 14 және 30 күндік репо операциясының заты ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZP13Y15B657 (KZ2C00000560, (KASE ресми тізімі, бірінші санаты, CCBNb20; 100 теңге, 3,5 млрд теңге; 11.11.08 – 11.11.23; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон, ағымдық купондық кезеңге жылдық 8,10 %; 30/360) облигациялары қолданылады. Репо операцияларына R_CCBNb20_001, R_CCBNb20_003, R_CCBNb20_007, R_CCBNb20_014 және R_CCBNb20_030 кодтары берілді. [2014-11-26]