"КазТрансОйл" АҚ Шығыс филиалының үш нысанын іске қосу туралы хабарлады

25.11.14 15:04
/KASE, 25.11.2014/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Астана) биржаға (KASE) төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "КазТрансОйл" АҚ 2014 жылдың 25 қарашасында Қарағанды облысының аумағы бойымен өтетін 0 км - Б. Жұмағалиев атындағы БМАС учаскедегі жалпы ұзындығы 198,9 км. Құмкөл-Қарақойын мұнай құбырының үшінші желісін салу Қазақстан-Қытай мұнай құбырлары жүйесін ұлғайту жобасын жүзеге асыруға негізделген. Атап айтқанда, берілген мұнай құбырының қосымша желісін салу экспорттық қуаттылығын арттыру мен қазақстандық мұнайды Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында ішкі нарыққа жекізудің, ПМӨЗ қоса, техникалық жағдайларын жасау үшін керек болып тұр. Мұнай құбырын салу кезең-кезеңмен, екі учаскемен өтті. Жобаның бірінші кезеңі – Құмкөл – Қарақойын мұнай құбырының үшінші желісін салу (26 км – Д. Жұмағалиев атындағы МБАС) – 2012 жылдың тамыз айында басталды. Нысанды пайдалануға берілгендігі жөніндегі мемлекеттік қабылдау алқасының актісіне 2013 жылдың 30 мамырында қол қойылған болатын. 2013 жылдың қыркүйегінде екінші учаскенің салынуын бастады (26 км – Д. Жұмағалиев атындағы МБАС). Екінші учаскесін пайдалануға берілгені жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол 2014 жылдың 30 қыркүйегінде қойылған болатын. Құрылыс жұмыстарының мердігері ТОО «Электро-ХСБМ» болып табылады. Құрылыстың жалпы құны 23 млрд теңгені құрады. Б. Жұмағалиев атындағы МБАС-та заманауй сүйеу сорғы стансасын салу 2013 жылдың шілдесінде басталған болатын. Бұрынғы сүйеу вертикальдық насостары 20 жылдан бері пайдаланудан әбден ескіріп, сенімділік пен жоғары тиімділік қағидаларына сәйкес келмеді. Жаңадан салынған қондырғыда мұнайдың жөнелтуін Шымкент мұнай өңдеу зауыты, Атасу МБАС және одан әрі ҚХР-ға қамтамасыз ететін заманауй горизонтальдық сорғылар орнатылған болатын. Бұрынғы агрегаттардан олар жақсартылған гидравликалық сипаттармен, энергия мен жөндеу-пайдалану шығыстарын үнемдейтін одан да сенімді құрылғымен ерекшеленіп келеді. Нысанды пайдалануға тапсырылғаны жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне 2014 жылдың 30 қыркүйегінде қол қойылды. Құрылыс құны – 1,1 млрд теңге. Жезқазған облысында орналасқан Павлодар-Шымкент мұнай құбырында орналасқан Барсеңгір МАС-тағы энергияны үнемдеу жүйесін қайта құру 2013 жылдың қазан айында басталған болатын. Құмкөл-Қарақойын-Атасу- Алашаңқай мұнай құбыры бойынша мұнай көлемдерін жоспарланған ұлғаюына байланысты жүргізілген болатын. Іске асырылған жұмыстардың нәтижесінде мұнай айдау стансасының тозған электр жабдығы өндірістік нысандардың энергия нәтижелілігі мен үнемдеушілігі қағидаларын сай келетін жаңадан жабдыққа ауыстырылған еді. Жобаның бағасы – 725 млн теңге. Нысанды пайдалануға тапсырылғаны жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне 2014 жылдың 31 қазанында қол қойылды. цитата соңы [2014-11-25]