21 қарашадан бастап KASE қайталама нарығы секторында "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ KZP07Y10C591 (KZ2C00002855, HSBKb18) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

20.11.14 16:53
/KASE, 20.11.14/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) шешімімен KASE қайталама нарығы секторында "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZP07Y10C591 (KZ2C00002855; KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздары" санаты, HSBKb18, 10 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 18.11.14 – 18.11.24, жарты жылдық купон, жылдық 7,50 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Қазақстан Халық Жинақ банкі" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2014 жылдың 10 қарашасынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/hsbk мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-11-20]