"Банк ЦентрКредит" АҚ өзінің еншілес ұйымы "Центр Лизинг" ЖШС таратуды мақұлдағаны туралы хабарлады

20.11.14 11:17
/KASE, 20.11.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), ресми хатпен: ... ... "Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы "Центр Лизинг" ЖШС таратуды мақұлдағаны туралы хабарлады (мекен-жайы: Алматы қ, Шевченко көшесі, 100). Негіздемесі "Банк ЦентрКредит" АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 17 қарашасындағы № 204 қаулысы болып табылады. Тарату процесінің мерзімі: 2014 жылдың қарашасы. – 2015 ж желтоқсаны. Салықтық тексеру мерзімін жылжытқан жағдайда кейінгі мерзімі өзгеруі мүмкін. ... [2014-11-20]