"Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ KZP07Y10С591 (KZ2C00002855, HSBKb18) облигацияларын орналастыру туралы хабарлады

19.11.14 11:29
/KASE, 19.11.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), ақпараттыө хабарлама ұсынды: ... 2014 жылдың 18 қарашасында "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесінде банктің үшінші облигациялық бағдарламасы аясында облигациялардың (бұдан әрі – Облигациялар) жетінші шығарылымын алғашқы орналастыру бойынша алғашқы аукцион өтті. Осыған орай, Облигациялардың шығарылымы аңдатпасы шарттарына сәйкес аталмыш облигациялардың айналым басталу күні 2014 жылдың 18 қарашасы. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы ақпарат http://www.kase.kz/ru/bonds/show/hsbkb18. мекен-жайында жарияланған. ... [2014-11-19]