2014 жылдың 27 қарашасында "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

18.11.14 16:59
/KASE, 18.11.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау, бұдан әрі – компания), 2014 жылдың 27 қарашасында сағат 15.00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы келесідей тәртібімен болып өтетіні туралы биржаға хабарлады: - Компанияның штаттық кестесі мен ұйымдастырушылық құрылымын бекіту туралы; - Компанияның 2014 жылдың бірніш жартыжылдығына даму жоспарын орындалуы бойынша есебін бекіту туралы; - Компанияның 2015-2019 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы. Аталмыш жиналыс: Ақтау қ., құс фабрикасының маңайы, компанияның офисі. [2014-11-18]