"Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес Банкі" АҚ Fitch Ratings агенттігінің банкке және оның облигацияларына рейтингілік бағасын бергені туралы хабарлады

18.11.14 10:51
/KASE, 18.11.14/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес Банкі" АҚ (Алматы, одан әрі – Банк), биржаға (KASE), ресми хатпен 2014 жылдың 17 қарашасында төмендегі хабарламаны ұсынды: ... ... Fitch рейтинг агенттігі 11.11.2014ж жағдай бойынша Банкке төмендегі несие рейтингін ұсынды: Эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингі шет елдік және ұлттық валютамен "ВВ-" деңгейінен "В+" деңгейіне дейін төмендеді, болжам "Негативті". Шет елдік валютамен қысқа мерзімді ЭДР "В" деңгейінде расталды. Ұлттық ұзақ мерзімдік рейтинг "ВВВ+(kaz)" деңгейінен "BBB(kaz)" деңгейіне дейін төмендеді, болжам "Негативті". Тұрақтылық рейтингі "b" деңгейінде расталды. Қолдау рейтингі "3" деңгейінен "4" деңгейіне төмендеді. Қамтамасыз етілмеген ұлттық рейтинг "ВВВ+(kaz)" деңгейінен "BBB(kaz)" деңгейінде расталды, болжам "Негативті.". ... [2014-11-18]