"Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ өзінің KZP01Y03E546 (KZ2C00002442, HCBNb1) облигациялары бойынша екінші купонын төлегені туралы хабарлады

14.11.14 16:50
/KASE, 14.11.14/ – "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2014 жылдың 12 қарашасында өзінің KZP01Y03E546 (KZ2C00002442, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, HCBNb1) облигациялары бойынша екінші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 297 500 000,00 теңгені құрады. [2014-11-14]