2014 жылдың 17 қарашасынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралымен сауда-саттық ашылады

14.11.14 17:17
/KASE, 14.11.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен, KASE мүшесінің өтініші негізінде 2014 жылдың 17 қарашасынан бастап автоматты репо нарығында қаржы құралымен сауда-саттық ашылады, ондағы репо операциясының заты ретінде (Алматы) мынадай бағалы қағаздарға рұқсат берілді: - "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ (Алматы) KZP01Y03E546 (KZ2C00002442, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, HCBNb1; 1 000 теңге, 7,0 млрд теңге; 05.11.13 – 05.11.16; жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,50 %; 30/360) облигациялары – мерзімі 1, 7, 14 және 28 күн; - "Қазақтелеком" АҚ (Астана) KZ1C12280018 (KZ0009093241, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTK) жай акциялары – мерзімі 1, 7 және 28 күн. Репо операцияларына тиісінше R_HCBNb1_001, R_HCBNb1_007, R_HCBNb1_014, R_ HCBNb1_028 және R_KZTK_001, R_KZTK_007, R_KZTK_028 кодтары берілді. [2014-11-14]