"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ UnionPay International халықаралық төлем жүйесінің қатысуымен бірінші бірлескен жобаны іске қосқанын хабарлады

12.11.14 18:02
/KASE, 12.11.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2014 жылдың 12 қарашасында баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақстанда Altyn UnionPay және Altyn UnionPay Gold – бірегей ко-бренд төлем карточкаларын шығару бойынша Қазақстан Халық Банкі мен UnionPay International (UPI, Қытай) халықаралық төлем жүйесінің бірлескен жобасы іске қосылды. Жобаның тұсаукесеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов, Қазақстан Халық Банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова, China UnionPay Co. Ltd. Ұлттық төлем жүйесінің президенті Ши Венчао, UnionPay International Co., Ltd бас директоры Цай Жианбо қатысты. Халық банкінің Altyn жергілікті төлем жүйесі мен UnionPay халықаралық төлем жүйесінің брендтерін қосу шығарылған төлем карточкаларының бірегейлігі болып табылады. Бұл транзакциялардың қауіпсіздік деңгейі жақсартылған төлем карточкалары. Карточкалар UPI халықаралық төлем жүйесіне қосылған отандық және шетелдің коммерциялық банктерінің барлық банкоматтарында қабылданады және қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда саны жағынан жиынтық эмиссиясы 4,5 млрд. данадан асатын пластикалық карточка бойынша әлемнің көшбасшысы болып табылатын UPI төлем карточкалары отыздан астам елде шығарылады және әлемнің 142 мемлекетінде қабылданады, бұл дегеніміз 2 млн. астам банкомат мен 23 млн. астам POS-терминал. UPI серіктестік желісі Ресейге, Қазақстанға және пайдаланушылардың кең тобы үшін, оның ішінде жоғарыда аталған өңірлерге сапар шегетін туристтер мен бизнесмендер үшін қызығушылық білдіретін әлемнің көптеген елдеріне таралады. Қазақстан Халық Банкі мен China UnionPay (UPI бас компаниясы) ең ірі ұлттық төлем жүйесі арасындағы ынтымақтастық 2006 жылы осы серіктестер арасында жасалған Эквайринг шартына қол қойылған күні басталды. Серіктестік қарым-қатынас 2012 жылдың желтоқсанында, UnionPay International-дың (UPI) Шанхайда өткен ресми тұсаукесерінде ТМД, Ресей, Шығыс және Орталық Европа елдерінің ішіндегі жалғыз Қазақстан Халық Банкі ғана UnionPay International-дың Халықаралық кеңесінің төлем жүйесін басқарудағы өкілеттіктерге ие алқалы органының құрамына кірген күні нығая бастады. цитата соңы [2014-11-12]