"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ UnionPay International халықаралық төлем жүйесінің қатысуымен бірінші бірлескен жобаны іске қосқанын хабарлады
12.11.14 18:02
/KASE, 12.11.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы),
биржаға (KASE), 2014 жылдың 12 қарашасында баспасөз-хабарламасын
ұсынды:
цитата басы
Қазақстанда Altyn UnionPay және Altyn UnionPay Gold – бірегей ко-бренд
төлем карточкаларын шығару бойынша Қазақстан Халық Банкі мен UnionPay
International (UPI, Қытай) халықаралық төлем жүйесінің бірлескен жобасы іске
қосылды. Жобаның тұсаукесеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
төрағасы Қайрат Келімбетов, Қазақстан Халық Банкінің басқарма төрағасы
Үміт Шаяхметова, China UnionPay Co. Ltd. Ұлттық төлем жүйесінің президенті
Ши Венчао, UnionPay International Co., Ltd бас директоры Цай Жианбо
қатысты.
Халық банкінің Altyn жергілікті төлем жүйесі мен UnionPay халықаралық
төлем жүйесінің брендтерін қосу шығарылған төлем карточкаларының
бірегейлігі болып табылады. Бұл транзакциялардың қауіпсіздік деңгейі
жақсартылған төлем карточкалары. Карточкалар UPI халықаралық төлем
жүйесіне қосылған отандық және шетелдің коммерциялық банктерінің барлық
банкоматтарында қабылданады және қызмет көрсетіледі.
Қазіргі таңда саны жағынан жиынтық эмиссиясы 4,5 млрд. данадан асатын
пластикалық карточка бойынша әлемнің көшбасшысы болып табылатын UPI
төлем карточкалары отыздан астам елде шығарылады және әлемнің 142
мемлекетінде қабылданады, бұл дегеніміз 2 млн. астам банкомат мен 23
млн. астам POS-терминал.
UPI серіктестік желісі Ресейге, Қазақстанға және пайдаланушылардың кең
тобы үшін, оның ішінде жоғарыда аталған өңірлерге сапар шегетін туристтер
мен бизнесмендер үшін қызығушылық білдіретін әлемнің көптеген елдеріне
таралады.
Қазақстан Халық Банкі мен China UnionPay (UPI бас компаниясы) ең ірі
ұлттық төлем жүйесі арасындағы ынтымақтастық 2006 жылы осы серіктестер
арасында жасалған Эквайринг шартына қол қойылған күні басталды.
Серіктестік қарым-қатынас 2012 жылдың желтоқсанында, UnionPay
International-дың (UPI) Шанхайда өткен ресми тұсаукесерінде ТМД, Ресей,
Шығыс және Орталық Европа елдерінің ішіндегі жалғыз Қазақстан Халық
Банкі ғана UnionPay International-дың Халықаралық кеңесінің төлем жүйесін
басқарудағы өкілеттіктерге ие алқалы органының құрамына кірген күні нығая
бастады.
цитата соңы
[2014-11-12]