"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ KZP07Y10C591 (KZ2C00002855, HSBKb18) облигациялары 10 қарашадан бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

10.11.14 16:57
/KASE, 10.11.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 08 тамызындағы шешімімен "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZP07Y10C591 (KZ2C00002855; 10 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 10,0 жыл, жылдық 7,50 % жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2014 жылдың 10 қарашасынан бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың андеррайтері және қаржы кеңесшісі "Қазақстан Халық Банкі АҚ еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға HSBKb18 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/hsbk мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-11-10]