2014 жылдың 10 желтоқсанында "Атамекен-Агро" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы өтеді

10.11.14 11:41
/KASE, 10.11.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау, одан әрі – компания), биржаға (KASE) 2014 жылдың 10 желтоқсанында сағат 11:00- де компанияның акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы басталады, күн тәртібінде: - компанияның 2013 жылға жылдық қаржылық есебін бекіту туралы; - компанияның 2013 жылға қаржылық жылына таза табысын бөлу тәртібін және компанияның 2013 жылға бір жай акциясына дивиденд көлемін анықтау тәртібі; - Компанияның Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау; - Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау; - Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелерінің өкілеттік мерзімін анықтау; - 2014 жылға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау; - 2014 жылға аудит жүргізетін компанияны анықтау туралы: - Компанияның корпоративтік басқару Кодексін бекіту туралы Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Ақмола обл., Көкшетау қаласы, жаңа ет комбинаты ауданы, 30. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:00 -ден басталады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2014 жылдың 19 желтоқсанындағы жағдай бойынша жасалған. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2014 жылдың 19 желтоқсанында жоғарыда аталған мекен-жайда өтеді. Акционерлер күн тәртібі мәселесі бойынша компанияның атқарушы органында орналасқан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен атқарушы орган орналасқан мекен-жайда немесе 8 777 533 43 47 телефоны арқылы таныса алады. [2014-11-10]