"KEGOC" АҚ Standard & Poor's агенттігінің компанияның ұзақ мерзімді несие рейтингін "BB+" деңгейінде растағаны туралы хабарлады, болжам "Позитивті"
07.11.14 18:36
/KASE, 07.11.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана, тақыптамада – "KEGOC" АҚ),
"Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" (Kazakhstan
Electricity Grid Operating Company) биржаға (KASE), төмендегі баспасөз-
хабарламасын ұсынды:
цитата басы
... «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC»
АҚ (бұдан былай – «KEGOC» немесе «Компания») жетекші халықаралық
рейтингілік агенттіктердің бірі Standard & Poor’s Компанияның ұзақмерзімді
кредиттік рейтингісін «ВВ+» деңгейінде бекіте отырып, KEGOC-тың рейтингі
бойынша болжамын «Тұрақты» деңгейінен «Жағымды» деңгейіне көтергенін
хабарлайды. «Жағымды» болжам алдағы 12 айдың ішінде KEGOC
рейтингісінің көтерілу мүмкіндігін білдіреді.
Болжам Компанияның қаржылық тәуелкелдерді басқаруға мүмкіндіктерін
арттыратын тарифтерді көтерудің нәтижесінде, 2015 жылда KEGOC-тың
қаржылық көрсеткіштері көтерілуі мүмкін деген сарапшылардың болжамына
байланысты қайта қаралды. Агенттік сарапшылары, сондай-ақ KEGOC
Қазақстан Республикасы Үкіметімен берік қарым-қатынасы бар және электр
энергиясын жеткізу саласында қызметтерді монополистік жеткізуші ретінде
маңызы рөл атқаратындықтан, Компанияға мемлекет тарапынан жан-жақты
және аса жедел қаржылай көмек көрсетілу мүмкіндігін жоғары бағалап отыр.
KEGOC инвестициялық катардан Moody’s и Fitch жетекші халықаралық
рейтинігілік агентігінен «Тұрақты» болжамы бойынша кредиттік рейтингіге ие
екендігін еске саламыз. Сонымен қатар, Fitch агентігінің версиясы бойынша
KEGOC Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісі (ВВВ+) деңгейіндегі
рейтингісіне ие, яғни, агенттік сарапшыларының пікірінше KEGOC бүгінгі
таңда Қазақстан Республикасы секілді сенімді болып табылады.
цитата соңы
[2014-11-07]