"Алматы электр стансалары" АҚ KZP07M16E423 (KZ2C00002780, ALESb7), KZP08M28Е426 (KZ2C00002806, ALESb8) және KZP09M40Е429 (KZ2C00002814, ALESb9) облигациялары Қазақстан қор биржасында "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

07.11.14 19:32
/KASE, 07.11.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 07 қарашасында "Алматы электр стансалары" АҚ (Алматы) төмендегі облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: - KZP07M16E423 (KZ2C00002780, 100 теңге, 1,870 млрд теңге; 1,3 жыл жарты жылдық купон, жылдық 6,00 , 30/360); - KZP08M28Е426 (KZ2C00002806, 100 теңге, 1,870 млрд теңге; 2,3 жыл, жарты жылдық купон, жылдық 6,00 %, 30/360); - KZP09M40Е429 (KZ2C00002814, 100 теңге, 1,870 млрд теңге; 3,3 жыл, жарты жылдық купон, жылдық 6,00 %, 30/360). Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы 2014 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде 2007 жылдың 20 қазанында 40,0 млрд теңгеге тіркелген, "Алматы электр стансалары" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасының аясында аталған эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының жетінші-тоғызыншы шығарылымы болып табылады. "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ қаржы кеңесшісі және андеррайтері "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған ALESb7, ALESb8 және ALESb9 белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE инитернет-сайтында жарияланады. [2014-11-07]