"Казкоммерцбанк" АҚ KZP02Y05D707 (KZ2C00002863, KKGBb10) облигациялары Қазақстан қор биржасында "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

07.11.14 19:11
/KASE, 07.11.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 08 тамызындағы "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) KZP02Y05D707 (KZ2C00002863; 1 000 теге, 60,0 млрд теңге; 5 жыл, жылдық 8,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы 2014 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасы қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын қреттеу және қадағалау агенттігінің (ҚНҚА) 2007 жылдың 14 қаңтарында 350,0 млрд теңгеге тіркелген, "Казкоммерцбанк" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясында аталған эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының оныншы шығарылымы болып табылады. "Казкоммерцбанк" АҚ қаржы кеңесшісі және андеррайтері "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған KKGBb10 белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE инитернет-сайтында жарияланады. [2014-11-07]