"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ KZP07Y10C591 (KZ2C00002855, HSBKb18) облигациялары Қазақстан қор биржасында "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

07.11.14 18:49
/KASE, 11.07.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 08 тамызындағы шешімімен "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZP07Y10C591 (KZ2C00002855; 10 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 10,0 жыл, жылдық 7,50 % жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы 2014 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасы қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын қреттеу және қадағалау агенттігінің 2007 жылдың 22 маусымында 200,0 млрд теңгеге тіркелген, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасының аясында аталған эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен "ішкі" 18-ші облигацияларының жетінші шығарылымы болып табылады. "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ қаржы кеңесшісі және андеррайтері Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған HSBKb18 белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE инитернет-сайтында жарияланады. [2014-11-07]