"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "Капитал" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

06.11.14 17:05
/KASE, 06.11.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "Капитал" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), ресми хатпен, Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 29 қазанындағы шешімімен "өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды: 1) "Капитал" ЖЗҚ Басқарма Төрағасы Серік Сырғабайұлы Мейіржанов; 2) "Капитал" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары/Бас есепші Кальтиева Елена Ивановна; 3) "Капитал" АҚ Корпоративтік хатшысының міндетін атқарушы Ахмедова Найля Амангелдіқызы. Аталмыш адамдармен еңбек шартын бұзу күні 2014 жылдың 30 қарашасы.". [2014-11-06]