"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ өзінің XS0506527851 (US48667QAE52, KMGZe4) халықааралық облигациялары бойынша тоғызыншы купонын төлегені туралы хабарлады

05.11.14 16:34
/KASE, 05.11.14/ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2014 жылдың 05 қарашасында өзінің XS0506527851 (US48667QAE52, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZe4) халықаралық облигациялары бойынша үшінші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 52 500 000,00 АҚШ долларын құрады. [2014-11-05]