АНОНС: "KEGOC" АҚ АСТАНА ЖӘНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАЛАРЫНДА БӨЛШЕК САУДА ИНВЕСТОРЛАРЫ ҮШІН ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

05.11.14 15:17
/KASE, 05.11.2014/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) (Астана, одан әрі – "KEGOC" АҚ), биржаға (KASE) төмендегі мазмұнда ақпараттық хабарлама ұсынды: ... "KEGOC" АҚ (одан әрі – "Компания") "Халықтық ІРО" бағдарламасы аясында акцияларды сату мәселелері бойынша бөлшек сауда инвесторлары үшін "KEGOC" АҚ таныстырылымы өтеді деп хабарлайды. Астана қаласында – қарашаның 5-і күні сағ. 15.00-де "KEGOC" АҚ-ның Тәуелсіздік даңғылы 59 мекен-жайында орналасқан басты кеңсесінде; Алматы қаласында – қарашаның 7-і күні сағ. 11.00-де Сәтпаев көшесі 29/6 мекен-жайында орналасқан «Рахат палас» қонақ үйінің «Абай» залында ... [2014-11-05]