Сбербанк АҚ Еншілес Банкі 400 млн. АҚШ доллары көлемінде "ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг" АҚ үшін қаржыландыруды ұйымдастырғаны туралы хабарлады

30.10.14 17:52
/KASE, 30.10.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Сбербанк АҚ Еншілес Банкі (Алматы), 2014 жылдың 29 қазанындағы баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы Sberbank CIB Сбербанктің Қазақстандағы еншілес банкімен бірлесе отырып "ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг" АҚ (Қазақстан Республикасы) үшін 10 жыл мерзімге $ 400 млн сомаға қаржыландыруды ұйымдастырды. Кредиттік қаражат "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС-ны (Шымкент мұнай өңдеу зауыты) жаңғырту жобасын қаржыландыруға жіберіледі. цитата соңы Осы бапасөз-хабарламаның толық нұсқасы KASE интернет-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_291014_kz.pdf мекен- жайы бойынша; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_291014_.pdf – мекен- жайында жарияланған. [2014-10-30]