И.Ж.Сердиев "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды

30.10.14 17:48
/KASE, 30.10.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана), биржаға ұсынған 2014 жылдың 28 қазанындағы ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" Басқармасының 2014 жылдың 28 қазанындағы №48/14 шешімімен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Басқармасының төрағасы (Бас директоры) Шәріпбаев Қайрат Қаматайұлының өкілеттілігін мерзімнен бұрын тоқтату мақұлданды. Бүгінгі күннен бастап Қ.Қ.Шәріпбаев "ҚазТрансГаз" АҚ бас директоры лауазымына тағайындалды. Осы шешіммен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Басқармасының төрағасы (Бас директоры) лауазымына Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы тағайындалды. Осы лауазымға тағайындалар алдында, И.Ж.Сердиев "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директорының орынбасары болып қызмет атқарған. "ҚазТрансГаз Аймақ" Баспасөз қызметі +7 (7172) 55-89-60; 55-89-61; 55-89-62; іш. 1400, 1401; e-mail: kurmankulov_b@ktga.kz [2014-10-30]