2014 жылдың 30 қазанынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралымен сауда-саттық ашылады

29.10.14 17:51
/KASE, 30.10.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен, KASE мүшесінің өтініші негізінде 2014 жылдың 30 қазанынан бастап автоматты репо нарығында қаржы құралымен сауда-саттық ашылады, ондағы репо операциясының заты ретінде (Алматы) мынадай бағалы қағаздарға рұқсат берілді: - ВТБ Банк АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) (Алматы) KZP01Y05E715 (KZ2C00002715, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BVTBb2; 100 теңге, 20,0 млрд теңге; 17.07.14 – 17.07.19; тиянақталған жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары – мерзімі 1, 7, 14 және 30 күн; - "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ1C36280010 (KZ0007786572, KASE ресми тізімі, екінші санат, CCBN) жай акциялары – мерзімі 1 күн. Репо операцияларына тиісінше R_BVTBb2_001, R_BVTBb2_007, R_BVTBb2_014, R_BVTBb2_030 және R_CCBN_001 кодтары берілді. [2014-10-30]