Халық банкінің өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты игеруді аяқтағаны туралы хабарлады

27.10.14 17:34
/KASE, 27.10.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ (Алматы), 2014 жылдың 27 қыркүйегіндегі баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы Қазақстан Халық банкі өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде бөлінген қаражатты уақытылы және толық көлемде игерді. Қаржыландырылған жобалар саны бойынша (104, немесе жалпы көлемнен 24%), Халық банк Бағдарламаға қатысқан ЕДБ арасында сөзсіз жетекші болып табылады. Барлығы Бағдарлама шеңберінде Банк және "Даму" КДҚ АҚ 20 млрд. теңге сомаға 104 жобаны қаржыландырды, сонымен бірге 21,5 млрд. теңгеден асатын сомаға 110 жоба мақұлданды. Қалған жобалар бойынша 1,5 млрд теңге сомасына қаржыландыруды Банк жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде қаражатты қайталама игеру есебінен жалғастырады. Бөлінген және игерілген қаражат көлемі бойынша Халық банкі жетекші үштікке кіреді. Қаржыландырылған жобалардың негізгі көлемі кәсіпкерліктің келесі салаларында іске асырылады: "азық-түлік өнімдерін шығару", "басқа да металл емес минералды өнімдерді шығару", "резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару", "машиналар мен жабдықтан басқа дайын металл бұйымдарын шығару" және басқасы. 2014 жылы сәуір айында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және екінші деңгейдегі банктер, солардың ішінде Қазақстан Халық Банкі де, қаражат бөлу туралы кредиттік келісімге қол қойды. Сол Бағдарлама бойынша Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктерге 100 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде 20 млрд. теңге Қазақстан Халық Банкіне бөлінді. Қаражатты игеру 2014 жылғы қазанға жоспарланған болатын. "Қазақстан Халық банкі" АҚ Баспасөз қызметі тел. +7 727 2 590 816, www.halykbank.kz цитата соңы [2014-10-27]