2014 жылдың 10 қарашасында "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

27.10.14 11:18
/KASE, 27.10.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау, бұдан әрі – компания), 2014 жылдың 10 қарашасында сағат 15.00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы келесідей тәртібімен болып өтетіні туралы биржаға хабарлады: - Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттілігін мерзімнен бұрын тоқтату және компанияның Директорлар кеңесі мүшесін сайлау; - Басқарма мүшелерінің өкілеттіліктерін мерзімнен бұрын тоқтату және Басқарма мүшелерін сайлау, олардың өкілеттілік мерзімдерін және лауазымдық қызметақыларын бекіту. Аталмыш жиналыс: Ақтау қ., құс фабрикасының маңайы, компанияның офисі. [2014-10-27]