2014 жылдың 10 қарашасына жоспарланған, "Альянс Банк" АҚ, "ForteBank" АҚ және "Темiрбанк" АҚ акционерлерінің бірлеске кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыру енгізілді

24.10.14 12:59
/KASE, 24.10.2014/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Темiрбанк" АҚ (Алматы), "Альянс Банк" АҚ, "ForteBank" АҚ және "Темiрбанк" АҚ акционерлерінің бірлеске кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыру енгізілгені туралы биржаға ескертпе хатын жолдап, былай деп мәлімдеді: "Альянс Банк" акционерлік қоғамы (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Фурманов көш., 50), "ForteBank" акционерлік қоғамы (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., пр. Достык, 192) және "Темiрбанк" акционерлік қоғамы (Басқарманың орналасқан жері, 050008, Алматы қ., Абай д-лы, 68/74) өз акционерлеріне Банктердің Директорлар кеңестері Банктер акционерлерінің бірлескен кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі – Жиналыс) күн тәртібін Акцияларды кері сатып алу кезінде олардың құнын анықтау әдістемесін бекіту сұрағымен ("Альянс Банк" АҚ және "Темiрбанк" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының сұрағы) толықтырылды. Бұрын хабарланғандай, Жиналыс 2014 жылдың 10 қарашасында Алматы уақытымен сағат 10.00-де: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Фурманов көш., 50, 3ші қабат, № 1 конференц-зал мекен-жайында болып өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2014 жылдың 10 қарашасында Алматы уақытымен сағат 09.00-де басталады. Жиналысқа қатысуға құқылы Банктер акционерлерінің тізімдері 2014 жылдың 27 қарашасындағы жағдай бойынша құрастырылады. Жиналыстың күн тәртібі (аталған толықтыруларды ескере отырып): 1. "Альянс Банк" АҚ міндеттемелерін қайта құрылымдау жоспарын бекіту ("Альянс Банк" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының сұрағы). 2. "ForteBank" АҚ және "Темiрбанк" АҚ "Альянс Банк" акционерлік қоғамына қосу арқылы, "ForteBank" АҚ, "Темiрбанк" АҚ және "Альянс Банк" АҚ ерікті қайта ұйымдастырылуы, қосылудың тәртібі мен шарттары. 3. "Альянс Банк" АҚ жарияланған жай акцияларының санын "ForteBank" АҚ, "Темiрбанк" АҚ акционерлеріне және "Альянс Банк" АҚ несиелендірушілеріне орналастыру (сату) мақсатында ұлғайту туралы ("Альянс Банк" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының сұрағы). 4. "Альянс Банк" АҚ жарияланған жай акцияларының санын "ForteBank" АҚ, "Темiрбанк" АҚ акционерлеріне және "Альянс Банк" АҚ несиелендірушілеріне орналастыру (сату) туралы ("Альянс Банк" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының сұрағы). 5. "ForteBank" АҚ және "Темiрбанк" АҚ акцияларын "Альянс Банк" АҚ жай акцияларына ауыстыру тәртібі мен мерзімдері турады. ForteBank" АҚ және "Темiрбанк" АҚ акцияларын "Альянс Банк" АҚ жай акцияларына ауыстырудың коэффициентін бекіту туралы. 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ерікті қайта ұйымдастырылуға рұқсат алуға өтініштер беруге және қол қоюға, сондай-ақ ерікті қайта ұйымдастырылу үдерісінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қол қоюға және банктердің атынан өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға өкілдерді тағайындау туралы. 7. Банктердің атынан ерікті қайта ұйымдастырылуға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика минимтрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің экономикалық шоғырландыруға рұқсат алуға өтініштерді беруге және қол қоюға өкілдерді тағайындау. 8. Қайда ұйымдастыру шегінде "ForteBank" АҚ және "Темiрбанк" АҚ мүлігінің "Альянс Банк" АҚ өтуіне келісім беру туралы. 9. Корпоративтік басқару бойынша қағидалардың қолданысын тоқтатуға келісім беру туралы (2010 жылдың 18 наурызындағы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ біржақты міндеттемесімен (2,1 (d) бабы) қарастырылған, "Альянс Банк" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының сұрағы). 10. Об утверждении изменений в Положение о Совете директоров АО "Альянс Банк" АҚ Директорлар кеңесі туралы қағидаға енгізілген өзгертулерді бекіту туралы ("Альянс Банк" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының сұрағы). 11. Акцияларды кері сатып алғанда олардың құнын анықтау әдістемелерін бекіту туралы (ForteBank" АҚ және "Темiрбанк" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының сұрағы). ... Осы жаңалықтың орыс тіліндегі толығырақ нұсқасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1233194 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-10-24]