2014 жылдың 05 желтоқсанында "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

22.10.14 16:07
/KASE, 22.10.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2014 жылдың 05 желтоқсанында "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлады. Күн тәртібінде: - банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - банктің жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды бекіту; - банктің корпоративтік басқару кодексіне өзгертулер мен толықтыруларды бекіту; - банктің Директорлар кеңесі туралы қағидасына өзгертулер мен толықтыруларды бекіту. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Абай д-лы, 109 в, конференц-зал мекен- жайында өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағаи 10.00-ден 10.45-ке дейін жүргізіледі. Осы жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімдері 2014 жылдың 05 қарашасындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум бюолмаған жағдайда банк акционерлерінің қайталама жиналысы 2014 жылдың 08 желтоқсанында сол уақытта, сол жерде өткізіледі. Күн тәртібінің сұрақтары бойынша материалдармен акционерлер: +7 (727) 259 0777, 8 8000 8000 59 тел. арқылы таныса алады. Акционер – заңды тұлғалар және олардың акционерлері (қатысушылары) тіркеу мемлекеті және олардың акционерлері (қатысушылары) Қазақстан Республикасының "Банктер және Қазақстан Республикасындағы банктік қызмет туралы" заңының 17 бабы 5 тармағының бірінші бөлімінің талаптарын орындауы туралы өтінішін беруі тиіс өтініш үлгісі банктің интернет-сайтында http://www/halykbank.kz/ орналастырылған. [2014-10-22]