"Темiрбанк" АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

20.10.14 12:34
/KASE, 20.10.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темiрбанк" АҚ (Алматы, одан әрі цитатада – Банк), биржаға (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы ... Банктің Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 16 қазанындағы шешіміне сәйкес Айдын Бегзадаұлы Әуезханов, Марат Амангелдіұлы Жәукенов және Ерлан Төлегенұлы Тұяқбаев 2014 жылдың 16 қазанынан бастап (2014 жылдың 16 қазанындағы №263 хаттамасынан үзінді) "Темiрбанк" АҚ Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды. цитата соңы [2014-10-20]