"Темiрбанк" АҚ KZ1P00260110 (KZ000A1CTM26, TEBNp) артықшылықты акциялары бойынша 2014 жылдың үшінші тоқсанына дивиденд төлегені туралы хабарлады

17.10.14 17:30
/KASE, 17.10.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темiрбанк" АҚ (Астана), биржаға (KASE), ресми хатпен 2014 жылдың 16 қазанында KZ1P00260110 (KZ000A1CTM26, KASE ресми тізімі, үшінші санат, TEBNp) бір акцияға 25,00 теңге көлемінде 2014 жылдың үшінші тоқсанына диивденд төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төлем көлемі 24 932 025,00 теңгені құрады. Дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2014 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша жасалды. [2014-10-17]