"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

16.10.14 16:03
/KASE, 16.10.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушыларының тізілім жүйесінің 2014 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C05340019 жай акцияларының жалпы саны 147 364 847 дана, артықшылықты KZ1P05340115 акцияларының саны – 1 250 дана; - компанияның 142 315 508 жай акциялары және барлық артықшылықты акциялары орналастырылған; - компания өзінің 22 441 635 жай акцияларын кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) болып табылады, меншігінде компанияның 119 875 123 акциялары бар (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы көлемінен 84,23 %), оның ішінде 119 873 873 компанияның жай акциялары (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы көлемінен 84,23 %) и 1 250 банктің артықшылықты акциялары (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы көлемінен 100 %) [2014-10-16]